6.04.2016, 19:27
Оқылды: 14

Жергілікті полиция қызметі алғашқы үш айда азаматтардан келіп түскен 9 624 арызға қызмет көрсетті

 Jergilikti policia    Жергілікті атқарушы органдар Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментімен бірлесе отырып, жергілікті полиция қызметінің жұмысын құру және оны ұйымдастыру, қызметінің ашықтығын және тұрғындар алдында есеп беруді қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдануда. Батыс Қазақстан облысы жергілікті полиция қызметі алғашқы үш айда азаматтардан келіп түскен 9 624 арызға қызмет көрсетті. Учаскелік полиция инспекторлар және кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар 8 442 азаматтардың жүгінулеріне жауап берді. 34 266 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесіліп, соның ішінде тұрмыстық күш қолдану жағдайы бойынша 754 факті анықталды.


      Көшелер мен қоғамдық орындардан 4 266 маскүнемдер мен көше тәртібін қатаң бұзған 1 373 көше бұзақысы аластатылды.
Жергілікті полиция қызметкерлері көмегімен есепке 1 340 құқық бұзушы, оның ішінде 38-і кәмелетке толмағандар алынып, профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Учаскелік полиция инспекторлары мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция инспекторының қырағылығы нәтижесінде 738 қылмыстың беті ашылды. «Мүлдем төзбеушілік» қағидасын жүзеге асыру аясында 15 652 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Ешқандай тиісті рұқсат қағазы жоқ жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын 219 жүргізуші, автокөліктері күңгірттелген 1 856 жүргізуші және балалар мен жаяу жүргіншілердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін 516 мас күйі жағдайындағы жүргізушілер ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

     Жалпы 88,4 млн. теңге көлеміндегі төленбеген әкімшілік айыппұл өндірілді.

     1 қаңтардан бастап жергілікті полиция құрылымдық бөліністерінің басшылары ауылдық, аудандық әкімдердің есебінде болып, 155 тұрғындармен кездесулерге қатысты. Мұнда құқықтық тәртіп бағыты бойынша маңызды мәселелер көтеріліп, Батыс Қазақстан облысы тұрғындары өмірінің қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қолданылды.

     Қолданылған шаралар өз деңгейінде қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың 5,1%-ына төмендеуіне, соның ішінде көшелерде 25,2%, кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың 16,7%-на төмендеуіне мүмкіндік берді.

 www.zhaikpress.kz

БҚО ІІД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале