13.04.2016, 11:24
Оқылды: 74

Жергілікті әскери басқару органдарына 98 жыл толды

Korganis isteri joninde     Ағымдағы жылдың 8 сәуірінде Батыс Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі Департаменті мен басқармасының жеке құрамы қалалық Жастар мәдениет сарайында өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтті.

     Мерекелік кешке облыстық қорғаныс істері жөніндегі Департаментінде 17 жыл тапжылмай басшылық еткен, бүгінде Орал қалалық әскери-техникалық мектептің тізгінін ұстап отырған Қ.Мұқатаев, жергілікті әскери басқару органдарында әр жылдары қызмет еткен  Н.Дегтяров, Т.Губайдуллин, В.Королева, Р.Хамитов сынды ЖӘБО ардагерлері  шақырылды.


     Жалпы әскери комиссариаттардың құрылуы мен даму тарихын Қарулы Күштеріміздің тарихынан бөліп қарауға болмайды. Тарихқа шегініс жасасақ 1918 жылы Бүкілодақтық оталық атқару комитетінің декретіне сәйкес елімізде тұрғындар үшін жалпы әскери оқулар жүйесі ұйымдастырыла бастаған.  Бүгінде іргелі Департаментке айналып отырған жергілікті әскери басқару органы өзінің алғашқы бастауын осы Орал губерниялық басқармасынан алады. Алғашында губерниялық басқарма, кейінірек әскери комиссариат аталып келген құрылым, 2004 жылы  қорғаныс істері жөніндегі Департаменті, басқармасы мен бөлімдері болып қайта өзгертіледі.

     Осылайша талай саяси өзгерістерді басынан өткергенімен, тарихы ғасырға жуықтаған қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің атқаратын функиясы өзгерген жоқ. Әскери комиссариат үшін ерекше сынақ Ұлы Отан соғысы жылдары болды. Соғыстың бірінші күнінен бастап облысымызда әскери бөлімшелер жасақталып, командалық кадрларды даярлау шұғыл қолға алынады. Отты жылдары облысымыздан жалпы саны 80 мың адам әскери комиссариаттар арқылы ұрыс даласына аттанған.  Осы кездері облыстық, қалалық, аудандық әскери комиссариаттар алдында шүғыл шешілуі тиіс жаңа міндеттер тұрды. Сол жылдары отбасыларды қауіпсіз жерге көшіру, ұрыс даласынан оралғандарға көмек беру секілді қауырт жұмыстардың барлығын әскери комиссариаттар зор абыроймен атқарған.

 www.zhaikpress.kz

                        А.Балғалиева

БҚО қорғаныс істері жөніндегі

департаменті баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале