20.11.2015, 15:41
Оқылды: 36

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі дамымақ

Ozin osi baskaru jyiesi    Облыстық қаржы басқармасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту туралы семинар-кеңес өтті. Оған аудан басшылары, ауыл әкімдері және мемлекеттік орган өкілдері қатысты.

        Жиын барысында баяндама жасаған облыстық қаржы басқармасының басшысы Айгүл Салахатдинованың сөзіне қарағанда, жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша елімізде көптеген шара алынуда.


Мәселен, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару бойынша кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы дайындалды. Оған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы 97 және 98-қадамдарда қамтылған ұсыныстар енгізілді. 97-қадамда аудан, кент, ауыл әкімдеріне жер ресурстарын басқару сынды қосымша өкілеттіліктер беру мәселелері қарастырылған. Ал 98-қадамда жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу сөз болады. Жергілікті өзін-өзі басқару іс-шарасы бірнеше кезеңнен тұрады. Нақтылап айтқанда, 2016-217 жылдары басталатын алғашқы кезеңде жергілікті салық әлеуетін күшейту көзделіп отыр. 2018 жылы екінші кезең басталып, онда дербес бюджет енгізу мәселесі қолға алынбақшы.

Өз кезегінде сөз алған БҚО бойынша қазынашылық департаменті басшысының орынбасары Марат Бажиров «Қазынашылық-Клиент» электронды құжатайналым жүйесіндегі мәселелерге тоқталды. «2012 жылы аталмыш жүйеге облысымызда екі мемлекеттік мекеме (1,6 пайыз) қосылса, 2013 жылы мұндай мекеме саны 504-ке (100 пайыз) жетті, - деді ол. - Бұл бағытта бізге барынша қолдау көрсеткені үшін облыс басшылығына өз ризалығымызды білдіреміз. Аталмыш жүйенің тиімділігі мол. Әсіресе, уақыт пен қаржы көп үнемделеді».

Семинарда жергілікті өзін-өзі басқаруда қолжеткізген табыстары бойынша кейбір ауыл ауыл әкімдері өз тәжірибелерімен бөлісті.

www.zhaikpress.kz

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале