12.05.2016, 10:06
Оқылды: 17

Жерлестердің жеңісі

 Kaztalov jerlesterdin jenisi    Орал қаласында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған дзюдо күресінен ардагерлер арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өткен болатын.


     Орал шаһарында өткен облыстық чемпионатта біздің жерлестерміз жас ерекшеліктеріне қарай боз кілемде белдесіп, жеңіс тұғырынан көріне білді. Жеңімпаз жерлестерімізді атап өтер болсақ 90 келі салмақта Нұрлан Қажиақпарұлы, 90 келіде Ғаділбек Сатыбалдиев, 100 келіде Батырбек Ихсатов, 90 келіде Айбар Мұғалбаев, 81 келі салмақ дәрежесінде Болат Мәліков бірінші орын алып, жеңіс тұғырынан көрінді. Ал 81 келіде Жанболат Нұрқашев ІІ орын алса, осы салмақта Қадірбек Кенжеғалиев ІІІ орын ие болды. Жеңімпаз бен жүлдегер балуандар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының дипломдары мен медальдарымен марапатталды.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале