18.08.2016, 2:34
Оқылды: 39

Жерлесіміз ел қоржынына үшінші алтын медальды салды

чемпион01    Бүгін оралдықтар Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының алаңында жергілікті сағат 00.30-да өткен Рио Олимпиадасындағы бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Данияр Елеусінов пен өзбек спортшысы Шахрам Гиясовтың жекпе-жегін тікелей эфирден тамашалады.


  Алдымен бұл шараны ұйымдастырушылар Даниярдың спорттағы жетістіктері, туған жері туралы викториналық сұрақтар қойып, жиналған халықты бір сергітіп алды.

  Тікелей эфирде тамашалауға келген жанкүйерлер арасынан облыс әкімі Алтай Көлгіновте табылды. Даниярдың жеңісін бірге тамашалаған өңір басшысы көпшіліктің алдына шығып, барша Қазақстандықтарды бүгінгі қуаныштарымен құттықтады. Ол Қазталов ауданы Қайыңды ауылында дүниеге келіп, осындай үлкен жетістікке жетіп отырған жерлесімізбен мақтанатынын, жастарға үлгі алып спортты серік ету керектігіне тоқталып кетті.

   Естеріңізге сала кетейік, бүгін Данияр «қазақтардың салмағы» деп аталып кеткен 69 кг салмақта шаршы алаңға шығып  Рио олимпиадасының чемпионы атанып, ел қоржынына үшінші алтын медальды салды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале