26.08.2015, 17:14
Оқылды: 21

Жерлесіміз Жапонияда әлем чемпионы атанды!

жапония119-23 тамыз аралығында Токио қаласында карате-до шотокан дүниежүзілік федерациясының 25 жылдығына арналған халықаралық чемпионат өтті.

Халықаралық турнирге 37 елден 2000 спортшы қатысып, бақ сынаған.  Жарысқа Қазақстан командасы да қатысып, алматылық Аджи Сулейменов 8-9 жас ұлдар арасында кумитэден I, катадан II орынды иеленсе, тараздық Дилора Садыкова 3 дан нормативін орындады.

Жерлестеріміз Николай Сеннов пен Аида Имаканова да үздік нәтиже көрсетті. Николай алты кездесу өткізіп, күміс жүлдегер атанса, Аида жеті кездесуінің бәрінде жеңіске жетіп, әлем чемпионы атағын иеленді.

www.zhaikpress.kz

Динара Насырова

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале