13.04.2016, 11:31
Оқылды: 19

Жерлесіміз-жеңімпаз!

Shingirlau jerlesimiz jenimpaz     Облыс орталығында өткен «Ең үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі-2016» ІІ облыстық байқауында жерлесіміз алдыңғы үштіктен көрінді. Таңдаулы ұстаздар білім мен біліктілігін сынға салған сайыста «Педагог-шебер», «Жаңа мектепке-жаңашыл сабақ», «Әрбір жұмыс тәжірибесіне- тиімді тәжірибе» және «Достық стадионы» кезеңдерінен өтті.


   Ұлт саулығын мектептен қамдаған маңызды мамандық иелері өз кәсіби тәжірибесін фото, бейне немесе көркемсөз арқылы таныстырып, авторлық бағдарламаларын ұсынып, спорттық шаралардың тұсаукесер сәттерін өзекті, тартымды және тиімді етіп ұсынудың жолдарын көрсетті. Осы бәсекеде Шыңғырлау ОЖББМ-нің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Қайрат Айжарықов үздіктер қатарынан табылып, жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды.

 www.zhaikpress.kz

Қаршыға ЕЛЕМЕСОВ

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале