5.10.2015, 13:38
Оқылды: 30

Жерлесіміз Никита Тюкинге ғарышкер Айдын Айымбетов "Ерлігі үшін" аталымын табыстады

Nikita  Бүгін Астанада Республикалық Патриоттар форумы өтуде. Оған облысымыздан арнайы жасақталған делегация қатысуда. Делегация құрамында «Орал өңірі» газетінің тілшісі Нұрлыбек Рахманов та бар.

Оның айтуынша, шара барысында біздің Зеленов ауданы Достық ауылының тұрғыны, жерлесіміз Никита Тюкинге ғарышкер Айдын Айымбетов "Ерлігі үшін" аталымын табыстаған.

Естеріңізге сала кетейік, Зеленов ауданы Достық ауылының тұрғыны, 7 сынып оқушысы Никита Тюкин суға кетіп бара жатқан екі сыныптасын құтқарып, ерлік жасаған болатын.

www.zhaikpress.kz 

Әділғазы Кереев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале