2.05.2016, 17:11
Оқылды: 162

Жер кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша ақпараттық материалдар

Inff2     1.Жер қалай сатылады?

Жер телімі аукционға құнын арттыру тәсілі бойынша екі рет шығарылады. Осы уақытта оны сатып алушы табылмаса, тағы бір мәрте аукцион өткізіледі, онда жер телімінің құны 50% дейін төмендетілуі мүмкін. Бұл жағдайда да сатып алушы табылмаса, жер телімі аукционнан алынып тасталады. Аукциондар келісімнің ашықтығы үшін өткізіледі. Оған тек қана Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары қатыса алады.

(2016 ж. 1 шілдесіндегі редакциялаумен Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің  48-1 және 171 б., ҰЭМ 31 наурыз 2015 ж. №290 бұйрығы)

 

  1. Демек, жерді сату арқылы мемлекет бюджетті толықтырғысы келе ме?

Біріншіден, ауылшаруашылығы мақсатында қолданылатын жерді сатқаннан түсетін қаржылар бюджетке емес, Ұлттық қорға аударылады.

Екіншіден, жерді сату арқылы мемлекет ондай кіріс табуды мақсат етпейді. Басты ой-пікір – жерді экономикалық айналымға тарту.

  1. 49 жылға дейінгі мерзіммен жалға алынған жер телімдеріне не болады?

Жерді 49 жылға дейін  жалға беру туралы норма сонау 2003 жылы,  Жер Кодексін қабылдаған кезде енгізілген болатын.  2016 жылғы 1 шілдеден  кейін де жалға беру туралы келісімшарт өз күшін сақтайды, ол жерлерді ешкім қозғамайды. Есесіне, бүгінгі жалға алушылардың, Қазақстанның азаматтары мен заңды тұлғаларының осы телімдерді жеңілдік шарттылықтарымен сатып алуына мүмкіндік туындайды. Бұл үшін әкімдікке өтініш жазу керек. Сол жерде тікелей сату келісімшарты жасалып, яғни аукционға түсірілмей, жалға алушы жердің иесіне айналады. Бұл ретте жер телімінің құны кадастрлық құнның 50 пайызын құрайды және жалға алушы жер телімін 10 жылға бөліп төлеу мерзімімен сатып алу мүмкіндігіне ие болады.

(Жер кодексінің 49 -бабы )

  1. Шетелдіктер қалай? Оларға жер сатыла ма?

Жер Кодексінің 24-бабына сәйкес шетелдіктер мен шетелдік компанияларға қазақстандық жерді жеке меншік құқымен иеленуге тыйым салынады.

  1.  Егер оларға жерді сатып алуға болмаса, не мәселелерге рұқсат етілген?

2001 жылдан бастап, шетелдіктерге ауылшаруашылығы мақсатындағы жер телімдері 10 жылға жалға беріліп келді.

2011 жылдан бастап,  шетелдіктер мен жарғылық қаржысындағы шетелдіктердің үлес салмағы елу пайыздан асатын заңды тұлғалар ауылшаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін тек қана 10 жылға дейінгі мерзімде жалға алу құқымен  пайдалана алды. Ал 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл мерзім 25 жылға дейін ұлғайды. Бұл ауыл шаруашылығы түсімділігінің төмендігімен және ауқымды инвистицияны қажет етуімен байланысты. Сол себепті де түсім алу үшін орта есеппен алғанда 10-15 жыл керек.  

  1. Қазақстандық азамат алдымен жерді сатып алып, кейін оны шетелдікке сата ала ма?

Егер Қазақстан азаматы жерді сатып алып, кейін шетелдікке сатқысы келсе, оған заң бойынша тыйым салынады. Егер ол сондай қадамға барғанның өзінде жасалған келісімшарттың заңды күші болмайды. Заңнамаға сәйкес мұндай мәмілені тіркеуге нотариустардың құқы жоқ, ал әділет ұйымдары мәміледен туындайтын құқықты тіркемейді.

(ӘМ 31 қаңтар 2012 ж. №31 бұйрығы)

  1. Қазақстанда қанша жер жалға берілген және қанша жерді сатуға болады?

Жалға берілген ауылшаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің жалпы көлемі 99,5 млн. га. Құрайды. Осының ішінде   1,3 млн. га. ғана жеке меншікте. Бұл жердің 68, 4 млн. га. жайылымдық жер.

2016 жылдың 1 шілдесінен бастап әкімдіктер қордағы жердің 1,7 млн. га аукционға шығаруды жоспарлап отыр. Қордағы мемлекеттік жердің жалпы көлемі 100,1 млн. га және  қалған жайылымдық жердің ауқымды бөлікті немесе 78, 5 млн. га. құрайтынын атап өткеніміз жөн.

  1. Жерді мақсатты пайдалану жағдаяты қандай?

 

2016 жылдың 1 шілдесінен бастап телімдерді мақсатты пайдалануды өзгертудің жеңілдетілген рәсімдері енгізіледі. Бұрын, мәселен, көкөністі өсіруді сүт өндірумен алмастыру тәрізді қызмет көрсету түрін өзгерткен кезде мақсатты пайдалануды өзгерту керек болса, қазір ол талап етілмейді.

Ең бастысы – ауылшаруашылығы өнімдерін сақтау. 

(2016 ж. 1 шілдесіндегі редакциялаумен Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 97 б.3т. )

  1. Жерді ұтымсыз пайдалану деген не және ол қалай бақыланады?

Ауылшаруашылығы жерлерін ұтымсыз пайдалану – тыйым салынған гербицидтер мен пестицидтерді  пайдаланудың  әсерінен жердің күйзеліске ұшырауы, немесе жер мүлдем пайдаланылмай  арамшөптерге толып кетуі.

Бүгінде әкімдіктер жанында жерді ұтымды пайдалануды бақылау бойынша арнайы ұйым – жер инспекциялары бар. Оның басты қызметі жерді дұрыс және ұтымды пайдалануды бақылау.

Бұзушылық орын алған жағдайды анықтау барысында, оны жіберген тұлғаларға әкімшілік тараптан шаралар қолданылып, жерді қайтарып алуға дейін барылады.

(ҰЭМ 27 наурыз 2015ж. №268 бұйрығы)

  1. Ауылшаруашылық жерлерін ұтымсыз пайдаланғаны анықталған жағдайда мемлекеттік ұйымдар тарапынан қандай әрекет жасалады?

Егер жерді пайдаланушы жер телімін ұтымсыз пайдаланса, заң бұзушылығын жою үшін ұйғарым шығарылады. Егер ұйғарым шығарылғаннан кейінгі жыл ішінде жағдаят өзгермесе, онда жергілікті атқарушы ұйымдар сотқа нақты жер телімін қайтарып алу туралы талап қою арызын жіберуі тиіс.

  1.  Ауылшаруашылығындағы шетелдік инвестициялар қалай? Бүгінгі таңда оларға қанша жер телімі жалға берілген?

Жалға берілген 99,5 млн. га жердің 65 тыс. га ғана шетелдіктерде. Бұл шамамен 0,06% құрайды. Ал қалған жер телімдері қазақстандықтар мен қазақстандық компаниялардың қолында.

Мәселен, Cremonini  итальяндық тобының құрылымына кіретін Inalca Eurasia ірі агроөндірістік трансұлттық корпорация, ет өндірумен айналысатын қазақстандық «Актеп» компаниясын 100 млн. евродан астан қаражатқа инвестициялауды жоспарлап отыр.  Жылдық қуаты 7200 тонна ет өндіретін заманауи етөңдеуші зауыт салынды.  Ағымдағы жылы экспорт көлемі 12 мың. Тоннаны құрайды.

  1. Қоғамда шетелдіктер жерді жеке меншікте иелену құқы бар қазақстандық заңды тұлғалардың үлесін сатып алу арқылы жер телімдерін иеленіп қояды деген алаңдаушылық бар. Бұл негізді ме?

Егер, шетелдіктің үлес салмағы 50% асатын болса,  онда мұндай заңды тұлғаның жер телімі үш ай ішінде қайтарылып алынады немесе жеке меншік құқынан жалға беруге қайта рәсімделуі тиіс. Бұл талап орындалмаған жағдайда, Әкімдік жер телімін мемлекетке қайтарып алу туралы талап ету арызын береді.

(ҚР Жер Кодексінің 66 бабы)

  1.  Ендеше, шетелдіктің үлес салмағын 50 пайыздан аз етіп, мұндай заңды тұлға арқылы тыйымды айналып өтпей ме?

Атап өтуіміз керек, мұндай жер телімінің жекеменшік иесі тек қана біздің заңнамаға сәйкес тіркелген және өз қызметін жүргізетін, осы елде барлық салық түрлерін төлейтін заңды тұлға – Қазақстандық резидент бола алады. Егер шетелдік қатысушылардың құрамынан шыққысы келсе, ол өз үлесін тек қана ақшалай алады. Бұл сондай-ақ, қатысушы заңды тұлға ерлі-зайыптылар, олардың біреуі шетелдік болған жағдайға да тән.

  1.  Шетелдіктер жерді қалай жалға алады?

Жер заңы бойынша шетелдіктерге жер конкурс арқылы ғана жалға беріледі. Бұл ретте, Үкімет сонау 2003 жылы еліміздің барлық аймағы бойынша шетелдіктерге арнап  бір қолға берілетін ең көп мөлшерді бекітіп қойды.

Мәселен, Ақмола облысының Целиноград ауданында шетелдіктерге – 1500 га, ал біздің азаматтарға – 7500 га.

Оның өзінде, әлеуетті жалға алушы міндетті түрде жерді пайдалану жоспарын ұсынуы тиіс. Егер шетелдіктер бұл талаптарды бұзса, біздің келісімшартты бұзуға және жер телімін қайтарып алуға құқымыз бар. Ауылшаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін ұтымды пайдалану туралы ережемен төмендегі сілтеме арқылы таныса аласыз: http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011549

  1.  Жер қанша тұрады?

Жер телімі құнының кадастрлық бағасының есебі базалық қойылым негізінде жүзеге асырылады және бұл туралы ақпарат мына сайтта орналастырылған, (http://adilet.zan.kz/rus/docs/P030000890).

Базалық қойылымға жер телімінің сапалық күйі, орналасу мекені, сумен қамтамасыз етілуі, қызмет көрсету орындарынан қашықтығы т.б. қарай түзету коэффициенттері қолданылады. Мәселен, жер телімі елді мекеннен,   инфрақұрылым нысандарынан қашық болған сайын бағасы төмен болады. Жер телімінің құны жеке реттілікпен анықталады. Жер телімінің түпкілікті құны аукционда анықталады.

  1. Біз аукцион және конкурстар ашық және адал өтетініне сенімсізбіз. Бұл бағытта не жасалып жатыр?

Азаматтар үшін – аукцион, шетелдіктер үшін - конкурс өткізу тәртібі заңмен айқын белгіленген.

Сатуды өткізу механизмдері жерді бөлу барысында жемқорлықты  болдырмайды. Сатылымның өзі жариялылықты, әлеуетті сатып алушылар арасындағы жарысқа қабілеттілікті және ашық бәсекелестікті қамтамасыз етеді.

  1. Еліміздегі шетелдіктердің жұмыс күшінің үлес салмағын кім бақылайды? Бірлескен кәсіпорындарды құруда шетелдіктер барлық жұмыс орнын иемденіп алады деген қауіп жоқ емес.

Қазақстанға шетелдік азаматтардың келуі туралы мәліметті соңғы 5 жылда Қазақстанға келуші шетелдік азаматтардың  саны әлі өзгере қоймағандығымен   түсіндіргім келеді. Қазақстандағы шетелдік жұмысшылардың қызметі квота арқылы реттеледі, яғни Үкімет қаулысымен біздің елімізге табыс табу үшін келген шетелдіктердің ең жоғарғы саны белгіленеді.  Бұл квота экономикалық белсенді тұрғындардың 0,7%-нан асып кетпейді. Мысалы, 2016 жылы квота 63 мың адамды қамтиды. Өткен жылы да  квота мөлшері жоғарыдағы көрсеткішпен шамалас болды, 2015 жылы 32 мың адамға елге кіруге рұқсат  берілді, сондықтан квотаның жартысы ғана игерілді.

Осыған байланысты, квота негізінен білікті жұмысшыларды тартуды көздейді.  Олардың 2054 адамы ауылшаруашылық жұмыстары үшін келді.

(2016 жылдың 6 сәуіріндегі ҚР Еңбекпен қамту туралы заңы)

 

  1. Мен ауылда тұрамын және жер сатып алғым келеді. Бұл үшін мен не істеуім керек?

Біріншіден, аудандық әкімдіктер аукционның өтуі туралы хабарландыруларды аукцион өткізілетін күннен күнтізбелік  он бес күн бұрын  кешіктірмей жариялайды. Аукционға сатылуға қойылған жер телімдері туралы мәліметтерді қамтыған хабарландыруларды облыстық мерзімді басылымдардан, әкімдіктің арнайы сайттарынан, Электрондық үкімет платформасынан табуға болады.

Екіншіден, аукционға қатысу үшін міндетті түрде әкімдікке өтініш беру қажет.

Жер шетелдік азаматтарға сатылмайды, тек қана жалға беріледі, мұнда қазақстандықтар жерді жеңілдік шарттарымен сатып алады;

Жер кодексінің 24-бабының 1-тармағы, 171-бабы

-  Мемлекет сауда саттық тетіктерінің толық ашықтығын қамтамасыз етеді, оныңішінде оны құнсыз бағаға беруге мүмкіндік бермейді.

Жер кодексінің 48 және 84-1-баптары

-  Жер реформасы әлеуметтік және экономикалық пайда әкелетіні сөзсіз (ауылдарда жұмыс орындары ашылады, еңбектің өніміділігі артады, ауылшаруашылығы өнімдерінің көлемі артады, жаңа технологиялар келеді).

-  Қазақстандық азаматтар, аграршылар жер реформасына дайын, оны қолдайды және оған қатысатын болады.

- Жер реформасы ең озық әлемдік тәжірибеге және аграрлық секторды дамытудың қазіргі заманғы практикасына негізделген.

-  Жер реформасын іске асыру ерекше бақылауда, бұл жерді тексеру, суару шарттары, қауіпті химикаттарды пайдалану, шетелдіктердің келу жағдайлары және т.б. жөніндегі жүйелі шараларды болжайды.

-  Бірқатар нормативтік актілер ауылшаруашылығы мақсатындағы жерді қасақана бүлдіргені, жер реформасын іске асырған кезде сыбайлас жемқорлық жасағаны, сондай-ақ көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікті қатайтты.

Жер кодексінің 92, 93, 99-баптары және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 137, 338-баптары, Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығы.

Ақпаратты Батыс Қазақстан облысының

жер қатынастары басқармасы ұсынды

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале