16.06.2016, 15:52
Оқылды: 21

Жер реформасы мәселесі бойынша отырыс өтті

zher maselesiБөрлі аудандық әкімдікте қоғамдық келісім кеңесінің отырысы болып өтті.


Отырысқа облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар, аудан әкімі Алдияр Халелов, аудандық мәслихат хатшысы Әділхан Күлекешев, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары,ауылдық округ әкімдері, шаруа қожалық басшылары қатысты. Күн тәртібіне қойылған жер реформасы мәселесі бойынша ұсыныстарды қалыптастыру туралы  және «Бөрлі ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» екі мәселе бойынша жиналғандар жарыссөзге шығып, өз ойларын айтып, қаулы жобасына түсіндірме хат оқылды. Сонымен қатар кездесу барысында облыстық мәслихат хатшысы М.Құлшар Бөрлі аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ибрагим Измағанбетовқа көп жылдары атқарған еңбегі үшін алғыс айтып «Қазақстанның құрметті мәслихат депутаты» төс белігісн табыстады.

www.zhaikpress.kz
Айым Нұрғалиева

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале