6.09.2016, 11:39
Оқылды: 30

Жер телімдерін қайтаруда тиісті шара алмаған басшы жауапқа тартылды

жер телімдерін қайтаруда тиісті шара алмаған басшы жауапқа тартылды  Ақжайық ауданы прокуратурасы пайдаланылмай және жер заңнамасын бұза отырып, пайдаланылып жатырған жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару мақсатында аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ж.Мақашевтің атына заңбұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізді.


 БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, алайда Ж.Мақашев тиісті шаралар алмаған, сондай-ақ прокурорлық ықпал ету актісіне уақтылы жауап бермеген.

   Осыған байланысты аудан прокуратурасы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 664-бабына сәйкес іс қозғады. Ақжайық аудандық сотының істі қарауы нәтижесінде Ж.Мақашев 8 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл төлеу жазасына тартылды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале