14.04.2016, 12:06
Оқылды: 40

Жер телімін алып беремін» деген сылтауға елігіп, ақшаларын санап берген

 Jer satu     Жуырда тағы да алаяқтық фактілері тіркелді. Белгісіз біреулердің «қалаға жақын жерден жер телімін алып беремін» деген сылтауға еліккен 1972 және 1978 жылы туылған азаматшалар алданып, бірі 350 мың, екіншісі 450 мың теңге ақшаларын санап беріп, сан соғып қала берді.


     Десек те, тәртіп сақшылары қолданған жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде мұндай әрекетке барған 45 және 38 жасар әйелдер анықталды. ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.  Істің мән-жайы тексерілуде.

 www.zhaikpress.kz

БҚО ІІД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале