27.05.2016, 15:23
Оқылды: 18

Жер - қасиетті құндылығымыз

????????????????????????????????????

   Біздің халқымыз үшін жер тек материалдық игілік қана емес, аса үлкен рухани байлық.

   Соңғы кезде жер реформасына байланысты көп дау туды. Даудың соңы қақтығасқы ұласпасын деп Елбасымыз мараторий жариялап, асықпай барлығын талдап шешуді тапсырды. Арнайы комиссия құрылды. Ол комиссия әр сенбі сайын отырыстар өткізіп, мәселені жан-жақты талдап жатыр.


  Комиссия құрамына мемлекет қайраткерлері, ғалымдар,саясаткерлер, шаруашылық өкілдері кіріп отыр. Негізі жерді дұрыс пайдалана білуіміз керек. Ол жерлерге жаңа технологиялар әкеліп, жеріміздің құнарлылығын төмендетпеу жайын қарастырған жөн.

   Бұл мәселеде айқаймен көшегі шығып шерулетіп ештеңе шеше қоймайтынымыз анық. Құрылған мемлекеттік комиссия өз жұмысын жасап отыр. Барлығымыз да бұл мәселеге мұқият қарауымыз қажет. Шынын айтуымыз керек жерді пайдаланушылар ішінде оны қарамай отырғандар да бар. Оларға да шара қолданылуы тиіс. Жерге ешқандай зиян келтіруге болмайды. Оны барлық заңдарға, халықаралық стандарттарға сәйкес пайдаланып, өнім алып қана емес, жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын ашсақ қана ұтамыз.

www.zhaikpress.kz

Тілекбай ТӨЛЕПҚАЛИЕВ

Зеленов аудандық жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімінің басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале