22.02.2016, 17:50
Оқылды: 26

Жеңіл атлеттер жеңілмеді

Zelenov atletter jenimedi   Орал қаласындағы П. Атоян стадионында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырыла жеңіл атлетикадан оқушылар арасында облыс біріншілігі өтті.


Орал қаласы мектептері мен өңіріміздің Ақжайық, Сырым Зеленов аудандарынан келген 150-ден астам жеңіл атлетшілер жиналған сайыста 800 және 400 метрге жүгірген қыздар арасында зеленовтық Елена Головацкая алдына жан салмаса, дәл осы қашықтықта тағы бір зеленовтық жас спортшы Алина Штейшльберг екінші орыннан көрінді. Осылайша бірнеше күнге созылған жеңіл атлеттер сайысында Орал қаласы мен Ақжайық ауданы командаларын алға жіберген Зеленов спортшылары жалпыкомандалық үшінші орыннан көрінді.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале