16.10.2015, 13:30
Оқылды: 35

Жеңімпаз атанды

армрестлингЖәнібектік Сағынбек Атаев жақында Орал қаласында өткен спорт ардагері, ұстаз, жаттықтырушы Н. Коломоецтің жүлдесі үшін қол күресінен ерлер арасындағы облыстық ашық турнирге қатысып, жеңімпаз атанып қайтты.

Ақжайық, Бөрлі, Бөкей Ордасы, Тасқала және тағы басқа аудандардан келген білекті жігіттермен білек күшін сынасқан ол 70 келі салмақ дәрежесінде қарсыластарының бәрін еңсеріп, жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінді. Алтыннан алқа тағып, диплом мен бағалы сыйлыққа қоса, турнирдің «Ең үздік спортшысы» аталымына ие болды.

Осы орайда Сағынбектің жаттықтырушысы, белгілі спортшы Серік Самодияновтың да еңбегін атап өткен орынды.

Ал гір тасын көтеруден 78 келіге дейінгі салмақта Шапағат Орынғалиев қола медальға қол жеткізіп, жарыстың дипломымен марапатталды.

www.zhaikpress.kz

Асқар ҚҰСАЙЫНОВ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале