16.08.2016, 11:50
Оқылды: 86

Жеңімпаз атанды

ZH-350x350Ақмола облысы, Бурабай елді-мекеніндегі «Балдаурен» балалар шығармашылық орталығында «Атадан мұра» атты республикалық байқау өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен өнерлі оқушылар жиналған байқауға жаңақалалық жас өрендер де қатысып, бақтарын сынаған болатын. Олар «Домбыра» жанры бойынша додаға түсіп, ауданымыздың үмітін ақтай білді. Байқау қорытындысында аудандық Қ.Жантілеуов атындағы саз мектебінің оқытушысы Әсет Бақтығалиұлының төл шәкірті Дана Сүйеуғали жүлделі II орынға ие болса, Гүлнұр Артурқызы  III орынды олжалап оралды.

Алтынбек Ермекқалиев

Жаңақала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале