22.04.2016, 11:03
Оқылды: 20

Жеңіспен оралды

 Zelenov jas djiudoshi     Орал қаласында дәстүрге айналған «Жас динамошы» атты ашық қала біріншілігі өтті. 2004-2005, 2001-2002 жылдары туылған жас самбошылар сайысына өңіріміздің барлық аудандарынан бөлек, Ақтөбе, Атырау облыстарынан келген жеткіншектер де қатысты. Үш күнге созылған жас палуандар жарысында бақ сынаған Зеленов ауданының спортшылары да намысты қолдан бермеді.


     Байрақты бәсекеде боз кілемге шыққан Нұрбол Тынышбаев, Намазов Дияс, Оралхан Асхат сынды палуандар үшінші, Марат Есенғалиев, Ербол Тынышбаев пен Мадияр Мұхамбетияровтар екінші орыннан көрінсе, Расул Жолдасов, Дәурен Шүйінішқалиев және Елдос Есжанов сынды талай бәсекеде оза шапқан өрендер қарсыластарының барлығын қоғадай жапырып, турнир жеңімпаздары атанды. Аталмыш жарысқа Зеленов ауданы атынан барған он самбошының тоғызы жүлдегер атанды. Жас бапкер Манарбек Кендеғалиевтің қол астында жаттығып жүрген өрендер әлі талай шыңды бағындырады деген сенім мол.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале