3.11.2015, 16:15
Оқылды: 24

Жеңіспен оралды

Shingirlau jenispen oraldi         Шымкент қаласында облыстар және Астана,Алматы қалаларының  әкімдіктері қызметкерлері арасында өткен республикалық  спартакиадасына біздің  ауданнан да  спорт сүйер жандар барып қатысты. Жан -жақтан  келген спортшы  қауым спорттың әр түрінен өнер көрсетіп,  бірнеше күн бақ сынасты.

Аталмыш  сайыста  біздің ауыл шаруашылығы  мамандарының бірі  Нұрғали Жазықбаев қол күресінен жүлдегер атанып,  70 келіге дейінгілер арасында екінші орынды иемденді.   Аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің  бас маманы Нұрғали жұмысына ұқыпты болумен қатар, спортқа жаны жақын дейді жұмыстастары.Жеңісің құтты болсын дейміз.

www.zhaikpress.kz

Шыңғырлау ауданы

 А.Муса

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале