15.10.2015, 18:00
Оқылды: 24

«Жеңіспен оралған жерлестер»

китап женис (1)Зеленов ауданында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай осындай атаумен жинақ жарыққа шықты.

Ұрыс даласынан қайтпаған жауыргерлердің есімдері ел жадында мәңгілік сақталуы үшін Даңқ монументтері мен ескерткіштер орнатылып, олардың есімдері «Боздақтар» кітабына енгізілді. Сұрапыл жылдар тарих көшімен жылжып, алыстаған сайын от кешкен майдангерлер қатары да азая түсуде. 

Майданнан жеңіспен оралып, соғыстан тұралап қалған елдің әлеуетін арттыруда қажырлы еңбегімен өлшеусіз үлес қосқан жауынгерлерді мәңгі есте қалдыру мақсатында олардың қысқаша өмірбаяндары мен отты жылдары жасаған ерліктері туралы баяндайтын жинақтың шығуына қолдау танытқан аудан басшысы Кәрім Жақыпов кітаптың алғысөзінде ардагерлерді ұлықтау ісі мұнымен тоқтамайтынын жеткізген.

китап женис«Аудан кітапханашыларының, ауылдық әкімшілік пен мұрағат қызметкерлерінің, аудандық «Ауыл тынысы» газеті редакциясының тынымсыз еңбегінің арқасында мыңнан астам Зеленов ауданында тұрып, еңбек еткен Ұлы Отан соғысына қатысушы ардагердің аты-жөні анықталып, 600-дей ардагер жинаққа енді. Ендеше ардагерлер туралы мәлімет іздеу жұмысы алдағы уақытта да жалғаса бермек. Кітапты тың мәліметтермен толықтырып, қайтадан басып шығару көзделуде.

Ардагерлерді мәңгі есте қалдыру мақсатындағы шағын еңбек аға ұрпақ алдындағы парызымыздың орындалуы әрі жас ұрпақтың аталар ерлігінен үлгі алуына сеп болды деп ойлаймыз», - делінген кітаптың алғысөзінде.

www.zhaikpress.kz

Н.Дүзбатыр

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале