9.05.2016, 14:42
Оқылды: 16

Жеңістің 71-ші көктемі

 56   Ұлы Жеңіс мейрамы өңір жұртшылығының бауырластар зиратына, кеңес Одағының Батыры Темір Масиннің, қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Маметованың, Кеңес Одағының маршалы Георгий Жуковтың ескерткіштеріне және «Ол күндер мәңгі өшпейді» монументіне гүл шоқтарын қоюдан басталды.


       Салтанатты шара «Ерлікке тағзым» атты акцияға ұласты. Акцияға барысында мыңдаған қала тұрғындары қан майданға қатысқан ата-бабаларының суреттерін ұстап, соғыс әндерін шырқап, БҚМУ-нің алаңынан Жеңіс алаңына дейін салтанатты шеруге сап түзеді.

     Жеңіс алаңында өткен мерекелік жиынға соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері, сондай-ақ олардың ұрпақтары мен қала тұрғындары қатысты. Жиналғандар Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтарды үнсіздікпен еске алды. Мерекеге қатысушыларды өңір басшысы Алтай Көлгінов құттықтады.

55

    - 9 мамыр-адамзат тарихындағы ең бір қастерлі де құрметті, киелі де құдіретті күн. Ұлы Жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Ел басына күн туған уақытта сол кездегі жас аға-апаларымыз өз жандарын аямай майданға аттанды. Ал, тылда буыны қатаймаған баладан бастап нәзік жандылар мен қариялар «Барлығы майдан үшін! Барлығы Жеңіс үшін!» деген ұранмен аянбай жұмыс жасады. Ұрпағының бейбіт өмір сүруі үшін қаншама жан өз өмірлерін қиды. Бүгінгі Ұлы Жеңіс күні қан майданда қаза тапқан ата-бабаларымызға, арамыздағы соғыс және тыл ардагерлеріне бас иіп құрмет көрсету біздің парызымыз. Ұлы Жеңістің 71 жылдық мерекесі құтты болсын,-деді облыс әкімі.

         Бұдан соң Жеңіс алаңына жиналғандар мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

www.zhaikpress.kz

Нұрбек ОРАЗАЕВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале