3.03.2016, 10:13
Оқылды: 23

Жеңіс – жерлестерімізде!

Janibek jenis jerlesterimizde  Көршілес Палласовка қаласында Отан қорғаушылар күніне орай шағын футболдан 2003 және 2005 жылы туылғандар арасында аудандық ашық турнир оздырылды.


Жарысқа қатысқан алты команда екі топқа бөлініп, өзара кім мықтыны анықтады. Біздің ауданның құрама командасы өз тобында «Локомотив» командасымен болған ойында қарсыластарын 8:0 есебімен ойсырата ұтса, «Иванцовка» командасынан 6:1 есебімен басым түсті. Сөйтіп, финалға жеткен жерлестеріміз соңғы ойында Палласовканың құрама командасымен кездесті. Мұнда да доп тек бір қақпаға тоғытылып, жәнібектіктер қарсыластарын 5:0 есебімен тізе бүктірді.

Турнир қорытындысында жерлестерімізге медаль мен кубок табыс етілсе, жарыс барысында мергендігімен көзге түсіп, қарсыластар қақпасына жеті доп соққан Нұрбол Көшенов «үздік шабуылшы» аталымымен, команда жаттықтырушысы Руслан Уталиев алғыс хатпен марапатталды.

Команда мүшелері турнирге барып-қайтуға қолдау көрсеткен аудан әкімдігі мен жеке кәсіпкер Жандос Уәлиевке ризашылықтарын білдіреді.

www.zhaikpress.kz

Асқар Құсайынов

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале