4.05.2016, 10:08
Оқылды: 26

Жеңіс күніне орай әлеуметтік көмек берілмек

 Jeniss   Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына орай жыл сайынғы дәстүр бойынша Қаратөбе аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №19-13 «Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне сәйкес Жеңіс күнін жақындатуға үлес қосқан бірқатар аудан тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсетілмек.


    Аудан бойынша жергілікті бюджеттен екі Ұлы Отан соғысының мүгедегіне әрқайсына 150,0 мың теңгеден 300,0 мың теңге, соғыстан келіп қайтыс болған мүгедектердің әйелдеріне (12 адам) әрқайсына 15,0 мың теңгеден 180,0 мың теңге, тылдағы «Ерен еңбегі үшін...» медалімен марапатталған 2 адамға әр қайсына 15,0 мың теңгеден 30,0 мың теңге, арнайы комиссиямен анықталған, тылда кемінде 6 ай жұмыс істеген 140 тыл еңбеккеріне әрқайсына 10,0 мың теңгеден 1410,0 мың теңге беріледі.

     Жалпы алғанда, аудан бойынша 156 адамға 1910,0 мың теңге біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі, - дейді Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі Гүлжайна Ермұханбетова.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале