26.02.2016, 18:07
Оқылды: 21

Жоба аясында мыңдаған адамға нақты көмек көрсетіледі.

Brifing berikkaliev Adilet   БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту және нақты көмек көрсету арқылы жастарды әлеуметтендіру мақсатында «100 нақты көмек» жобасын дайындады. Жобаның міндеттері ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы Жолдауында тапсырылған тапсырмаларды орындау, «100 нақты қадам» ұлт жоспарының 84-қадамы бойынша нақты жұмыстану, облыста мемлекеттік жастар саясатын тиімді жүзеге асыру.


- Жоба бойынша негізінен NEET жастары - оқымайтын немесе ешқандай қызметпен айналыспайтын, жеке өзіне байланысты себептермен немесе өмірдің әртүрлі жағдайлары бойынша қоғамдық өмірге ешқандай үлес қоспай жүрген жастардың бір бөлігі. Олар облыс жастарының 3% құрайды. Бұл халықаралық терминде NEET көрсеткіші деп аталады. Айтып кететін жәйт – республика бойынша бұл ең төменгі көрсеткіш. Дегенмен де, мемлекеттік органдар алдында тұрған міндет осы нысаналы топты қоғамдық өмірге тарту. Одан кейін маргиналды жастар, мүмкіндігі шектеулі және әртүрлі әлеуметтік қолдауға мұқтаж жастар нақты көмектермен қамтылатын болады. Жоба аясында мыңдаған адамға нақты көмек көрсетіледі. Жоба ағымдағы жылдың 10 желтоқсанына дейін қорытындыланады,- деді «100 нақты көмек» жобасының жетекшісі Динара Жароева.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале