12.01.2016, 18:39
Оқылды: 25

ЖОЛДАР ҚАРДАН ТАЗАРТЫЛУДА

Kaztalov joldar kardan tazartiluda   Қаңтар айы келісімен, қыс қаһарына мінді. Қалың жауған қардың далаға пайдасы болғанымен, қатынасқа қиындық туғызатыны бар. Өйткені, жазды күні ағылған көліктер қалың қар басқан жолда жүре алмай, жүргізушілер әлек болады. Алайда, ауданымызда тосын жағдайлар орын алған емес.


 

Жақын күндері ауданымызда қар борап, жолдардағы жағдайды қиындатып жіберді. Осыған орай Қазталов аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және автомобиль жолдары шаруашылығы бөлімінің тапсырысымен «ДорРемСервис» ЖШС жолдарды тазалауды бастап кетті. Қазіргі уақытта Ақпәтер, Қайыңды, Болашақ, Аққурай, Қарасу, Жұлдыз, Көктерек, Әжібай, Беспішен, Бостандық, Қошанкөл, Орбадай, Қараоба, Талдыапан, Талдықұдық, Хайруш ауылдарына қатынайтын жолдар қардан аршылып, тазартылуда. Бұл жұмыстарға 5 К-700,1 Т-150 техникалары жұмылдырылған.Осы жолдардың жағдайымен танысқан Қазалов ауданы әкімі Нұрлан Бекқайыр, -жолдар сапалы тазартылып, тұрғындар қатынастан қиындық көрмеулері, -керек деді.

www.zhaikpress.kz

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале