30.11.2015, 20:11
Оқылды: 17

Жолдауды тыңдаған зеленовтықтар да маңызды құжатты қолдайтындықтарын жеткізді.

Zelenov joldau   Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік Сарайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» тақырыбында  Қазақстан  халқына  кезекті  Жолдауын жариялады.

Жыл құсындай жақ­сылық ала келетін бағдарла­ма­лық құжат - жігер қуатын лаула­тып, қоғамымызға, жалпы Қазақстан халқына нақты бағыт-бағдар беретін маңызды құжат.


 

Жолдауын жариялауды бастаған Елбасы Н. Назарбаев бүгінгі әлемдік ахуалдың күрделі кезеңмен ұштасып отырғанын жеткізе отырып, мұндай аса жауапты сәтте бірліктің сақталуы аса маңызды екенін атап өтті. «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз. Сәт сайын құбылған аласапыранға сай амал табуымыз керек. Ең жақсы жоспар уақыт талабына бейімделген жоспар болып саналады. Біз де заманның беталысына қарай, межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отырумыз қажет. Біздің мақсатымыз - елі бақытты, жері гүлденген Отанымыз Қазақстанды Мәңгілік Ел ету»,-деді Н. Назарбаев.

Елбасының халыққа жыл сайынғы Жолдауы - барлық азаматтар үшін үлкен маңызға ие. «Қазақстан-2050» бағдарламасын екі жыл бұрын жарияланған кезде, бұл межеге жетуге жолымызда қиындықтар кездесетінін, соған дайын болып, тиісті шаралар қабылдау керектігін айтқан болатынбыз. Біз осы мақсатқа жұмылғанда жететін боламыз. Мен бүгін жаңа қатерлер мен тың мүмкіндіктер қатар өрбіген жаңа жаһандық нақты ахуалда дамудың басты бағыттарын айқындайтын Қазақстан халқына арнаған Жолдауымды жариялаймын», - деді Н. Назарбаев.

Жалпақ жұртшылыққа жарияланған Жолдауды тыңдаған  зеленовтықтар да маңызды құжатты қолдайтындықтарын жеткізді.  Жиын барысында сөз алған  аудан әкімі Кәрім Жақыпов Елбасы Жолдауы - кемел келешегіміздің кепілі екендігін айта отырып, Жолдаудың әр қазақстандықты жарқын болашаққа жетелеп, егеменді елдің тұғырын бекіте түсіретініне сенімін білдіріп шараны қорытты.

www.zhaikpress.kz

Самал  ЖАМЕТ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале