15.01.2016, 10:14
Оқылды: 37

ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

Әлеуметтік мәселелер қашанда Елбасы назарынан тыс қалған емес. Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүддесі үшін да бағдарлы басым бағыттар белгіленіп отырады.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында келген Батыс Қазақстан облысы мүгедектер қоғамының төрағасы Жұмажан Қожжанов өз ойын осылай сабақтады2016-01-15 11.18.10.


«Тұрғындарды сауықтыру, міндетті медициналық сақтандыру, тегін дәрі-дәрмекпен қамту секілді мәселелердің оңтайлы шешілуімен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын жақсарту үшін де нақты іс-шаралар қолға алынып келеді. Мәселен, өткен жылы ақпан айында Елбасы «Мүгедектер құқығы туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заңға қол қойды. Бұл конвенцияда олардың әлеуметтік тұрғыдан қорғалуы қарастырылған. Мемлекетімізде бизнес саласына да көп көңіл бөлініп отыр. Бұл экономикамыздың өркендеуіне бірден бір себеп болмақ. Несие алып, үкіметтің қолдауына сүйенген жандарға біздер бағыт-бағдар беріп, қолдау білдіруіміз керек-ақ. Ауылшаруашылығында да жаңа бастамалар бар. Жалпы, елімізде еңбек етемін деген жанға жағдай жасалып отыр. 2017 жылдан бастап барлық адамға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру қолға алынбақшы. Барша адам бірдей жоғары оқу орнына бармайыны белгілі. Ал осындай білім алған жан кәсіп ашып, өз тұрмысын жақсартуға мүмкіндік алады», - деген Жұмажан Қожжанұлы 100 нақты қадамның мәніне де тоқталды. Бірінші қадамда айтылған мемлекеттік қызметке қабылдау ресімдерін жаңғыртудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Сондай-ақ халық пен билік арасын байланыстыруда жергілікті өзін-өзі басқаруды жандандыру да үлкен себеп болатынын айтты. Жұмажан Қожжанов биыл тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын үлкен жетістіктермен атап өту үшін барша қазақстандық, соны ішінде жастар ерекше үлес қосатынына сенім білдірді.
Өз кезегінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ольга Басимова әлеуметтік сала мекеме басшылары өз қарамағындағыларға әлеуметтік қолдау шараларындағы жаңалықтарды, зейнетақы мен жәрдемақылардың өсуі туралы дұрыс ақпарат беріп отырулары қажет екенін еске салды. Бұл жиында сонымен бірге мүкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру, соның ішінде осындай жастардың назардан тыс қалмау қажеттігі айтылды. «Жергілікті жерлердегі мүгедектер қоғамы мен қоғамдық бірлестіктер тек мәдени-спорттық шаралар өткізіп қана қоймай, ауылдық жерлерге барып, сондағы мүмкіндігі шектеулі жандармен жүздесіп тұрулары қажет. Олардың қоғамдағы белсенділігін арттырып, жұмысқа тұруына, өз кәсібімен айналысуына көмек беру керек», - деді Жұмажан Қожжанұлы.
Басқосуға әлеуметтік сала мен жұмыспен қамту орталығының мамандары, әлеуметтік қызметкерлер, қоғамдық бірлестіктер жетекшілері қатысты.

www.zhaikpress.kz

Ясипа РАБАЕВА

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале