25.12.2015, 10:37
Оқылды: 28

Жолдау артқан жүк ауыр

Bokei ordasi bayandama   Бөкей Ордасы ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен аудан активі жиынына аудан әкімі мен орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, ардагерлер мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты. Күн тәртібіндегі бір ғана мәселе – Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан және жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және оны іске асыру жөніндегі шаралар туралы аудан әкімі Н.С.Рахымжанов баяндама жасады.


Нұрлан Сағынтайұлы сәт сайын құбылған қазіргі заманның беталысын, алпауыт елдердің текетіресі мен өзара санкциялар алмасуы дүниені тұйыққа бастап, жаһандық дағдарыстың етек алғанын қысқаша шолып, сын-қатерлер мен тың мүмкіндіктер қатар өрбіген жаңа әлемдік нақты ахуалда дамудың басты бағыттарын айқындап берген биылғы Елбасы Жолдауының  ерекшеліктеріне тоқталды.

www.zhaikpress.kz

К.ҒАЙСИН

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале