21.12.2015, 11:55
Оқылды: 52

Жолдау – басты бағдар, тура жол

 Janakala aktiv jinalisi  Желтоқсан айының 18 күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Нарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру жөніндегі Жаңақала  ауданының активі өтті. Актив жиынына  мекеме басшылары, ауылдық окург әкімдері, қоғамдық ұйымдар,  кәсіпкерлер, БАҚ мүшелері тағыда басқа бөлім басшылары қатысты.

Аудан әкімі Л.Хайретдинов жиының  регламентін бекітіп, актив мүшілерін күн тәртібімен таныстырып шыққаннан соң Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Нарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына кеңінен тоқталып, актив мүшелерін аталмыш Жолдауды халыққа кеңінен түсіндіруге шақырды.


-  Құрметті аудан активіне қатысушылар, баршамызға  мәлім үстіміздегі жылдың 30 қараша күні  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Нарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалау, даму» атты жолдауы жарияланды. Елбасының  жолдауын тындай отырып, болашаққа деген сенім арта түсті. Елбасының биылғы Жолдауы қазақстандық қоғамның барлық топтарының алдағы уақытта кездесуі мүмкін қиындықтарды бірлесе отырып еңсеру қажеттілігіне бағытталған. Әлемдік экономикаға енген ел ретінде, біз бұл қиындықтардың салдарын қатты сезініп отырмыз. Біз арқа сүйейтін өндіріс шикізаттары мен қуат көздеріне баға күрт төмендеді. Осы кезде халықты шынықтырып, ширатып, елдің енсесін көтеретін, рухын биіктететін, ел дамуына серпін беретін стратегиялық маңызды құжат бекітіліп жарияланды,- деген аудан әкімі Л.Рашидұлы әрмен қарай бүгінгі таңдағы аудан экономикасының негізгі бөлігі болып табылатын мал шаруашылығының көрсеткіштері мен  ауданымыздың жетістіктері туралы баяндап берді.

Жарыс сөзге шыққан аудандық маслихат хатшысы З.Сисенғали өтіп бара жатырған жыл жылнамамызда елдігіміз бен ерлігімізге сын боларлықтай тарихи оқиғаларға толы жыл болғанын, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 жылдығы мерекелері еліміз бойынша зор өрлеу үстінде тойланып өткендігі туралы баяндады. Сондай-ақ, қазақ қоғамын бірлікке шақыра келе, орынсыз шашпалыққа салынбау керектігін жұртшылыққа түсіндіру керектігін тілге тиек етті.

Келесі болып мінбеге көтерілген аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы  Е.Сапаров Жолдауды талқылай келе, бөлімнің өткен жылда атқарған  жұмыстарына тоқталды. Ал аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж.Басирова биылғы Жолдаудағы  бюджет міселесіне тоқталса, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Е.Меңдіханов елімізде жаңадан салынған денсаулық сақтау нысандары, білім беру ошақтары және тағы да басқа игі істерге тоқтала отырып, қуатты ел болу-бәсекеге қабілетті болуға бағытталған Елбасы Жолдауын қолдап, оны жүзеге асыруда аудан кәсіпкерлері ат салысатынына сенім білдірді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауы алқалы жиында бас қосқан жамағат арасында қызу талқыға түсіп, әр саланың мамандары ұсынған  жақсы ұсыныстарымен қолдау тауып отырды.

Алқалы жиының соңында аудан әкімі мен актив мүшелерінің ұсыныс-пікірлерін ескере отырып,  қаулы-қарар қабылданды. Осыған орай әр түрлі сала мамандары тартылған ақпараттық түсіндіру топтары құрылып, алдағы уақытта ауылдық округтерде талқылау жиналыстары өткізілетіндігі және ақпараттық үгіт жұмыстары қолға алынып жатқаны жөнінде мәліметтер айтылды.

 www.zhaikpress.kz

Н.ҒАББАС

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале