8.12.2015, 12:39
Оқылды: 25

Жолдау бағыттары айырықша маңызға ие

Karatobe kasipkerlik boliminin basshisi   Тәуелсіздігіміздің әр күні үлкен маңызға ие тарихи кезеңде өмір сүріп жатырмыз.  Маңызы зор саяси оқиғалар қоғам өміріне айрықша мән беруде. Солардың бірі Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты биылғы Жолдауы  мемлекеттік мереке – Тұңғыш Президент күні қарсаңыда  Қазақстан халқына жария етілді.

Елімізде болып жатырған саяси, әлеуметтік – экономикалық тағдыршешті үздіксіз өзгерістер Елбасы атымен тығыз байланысты.

Жолдауда нақты тапсырмалар жүктелді. Ең бастысы,


Елбасы қазақ еліне айтқаны – «Дүниежүзінде орын алып жатырған дағдарыстан қорқудың еш қажеті жоқ» деген сөзі, халықты сенімділікке шақырды деп ойлаймын.

Биылғы Жолдауда да Елбасы кәсіпкерлерге үлкен сенім артатынын айтып, елге, халыққа адал қызмет етуге шақырды. Қалталы азаматтарға  шетелдегі жинақтаған ақшаларын елімізге әкелу туралы орынды ұсыныс айтылды. Бұл орынды ұсыныс деп ойлаймын және қолдаймыз.

2016 жылы Қазақстан халқы Тәуелсіздігіміздің  25 жылдығын атап өтеді. Біз 90-шы жылдардағы дағдарысты ойдағыдай өткердік. Қазіргі таңда дағдарысқа қарсы 2015-2016 жылдарға арналған стратегияны қолға алдық. Елбасы дағдарыстан шығуға, жаңа белестерді бағындыру, дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатында 5 халықтық реформаны жүзеге асыратын 100 нақты қадам жоспарын алға қойды.

Мемлекет басшысы «Қазақстанда жасалған» әрбір бұйымда төрт қасиеті болуы керек. Олар сапалы, ыңғайлы, әдемі және арзан болуы керек, тек сондай жағдайда ғана кез келген қолға алынған іс өнімді, ал зат өтімді болатынын атап өтті.

Сонымен қатар, Елбасы үдемелі индустриялдық инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығы өз жалғасын табатындығын айтты. Бұл жұмыс орындарын сақтап қана қоймай, қолға алынған істің әрі қарай жұмыс жасауына мүмкіндік береді.Жұмыс істеймін деген жанға ауылда да жұмыс бар. «Ерінбей еңбек еткен адамның тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады.Мемлекет басшысы  алда толағай істер күтіп тұрғанын атап көрсетті. Жолдау бағыттарының әрқайсысы айырықша маңызға ие.

www.zhaikpress.kz

Нұрбол БОЗОВ

Қаратөбе аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале