13.10.2015, 17:55
Оқылды: 34

Жолың болсын, жас сарбаз!  

 

армияЗеленов ауданы орталығындағы «Жеңіс» саябағында Отан қорғауға аттанғалы отырған жастарды әскерге шығарып салуға арналған салтанатты жиын өтті.

Шараға аудан әкімінің орынбасары Амангелді Тоғызбаев, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Ғабділжәлел Ниязалиев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Талшынай Жүнісова, Ұлы Отан соғысы ардагерлері Қабдисат Ізбасов, Акум Жукин, интернационалист жауынгер Андрей Каверин, мектеп оқушылары қатысты.

Салтанатты жиында сөйлеушілер әскерге алынғалы тұрған сарбаздарға өздерінің Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып, елге тез оралуларын тілеген жылы лебізін білдірді.

Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылған соң, салтанатты жиын «Достық» үйінде жалғасын тапты. Ол жерде әскерге аттанғалы тұрған жастарға аудан каратэшілері өнерлерін көрсетті.

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Ғабділжәлел Қалдыбайұлы, шақырылушылардың ата-аналары да сөз алып, болашақ сарбаздарға ақ жол тіледі.

Жиын соңы аудан көркемөнерпаздарының концертіне ұласты.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисенов

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале