14.06.2016, 17:57
Оқылды: 49

ЖОЛЫҢ БОЛСЫН, ЖОЛАУШЫ!

zolyn bolsyn zholaushy  Қазталов ауданы әкімінің орынбасары Сағынғали Бегжановтың төрағалық етуімен аудандағы жолаушылар тасымалымен айналысушы жеке тұлғалармен жиналыс өткізді. Жиналыста жолаушылар таситын жеке көлік иелерінің тиісті заң талаптарына сәйкес арнайы тіркеуден өту, жол ережесін сақтау, көліктерінің техникалық байқаудан үнемі өткізіп отыру, жалпы алғанда жолаушы өміріне бірден-бір жауапты екенін сезіну қажеттігі айтылды.


   Жиналысқа қатысқан аудандық коммуналдық тұрғын үй, автомобиль жолдары бөлімінің және аудандық МАИ қызметкерлері жолаушылар тасымалдаудағы кемшіліктер мен оны реттеудің мәселелері туралы ойларын ортаға салды. Сондай-ақ жолаушылар тасымалдаумен айналысатын көлік иелері де өздерінің ұсыныстарын білдірді.

www.zhaikpress.kz
Жұлдыз АСҚАР 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале