21.11.2016, 15:16
Оқылды: 41

Жол ережесіне мән берейік

%d0%bf%d0%b4%d0%b4«Жол қозғалыс қауіпсіздігі апталығы» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында «Жүргізуші менің өмірімді сақта!»,  «Бала – басты жолаушы!» атты акциялары өтті. 


Батыс Қазақстан облысының тәртіп сақшылары облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернат кешеніне барды. Қызықты шара кезінде мектеп-интернат оқушылары жол үстінде мұқият болып,  жол қауіпсіздігін қатаң сақтау бағытында жүргізушілерге хат жазды. Акция әрі қарай Орал қаласындағы орталық көшелерде, алаңдарда, автотұрақтар мен автобус бекеттерінде өз жалғасын тапты.

Ал, қарашаның 14 күні «Бала – басты жолаушы!» атты акциясын өткізілді. Бүгінгі күні балалардың қатысымен 2016 жылдың 10 айында 67 жол-көлік оқиғасы орын алды. Атаулы іс-шара Төтенше жағдайлар департаменті ғимаратында жедел-құтқару жасағының қатысуымен өтті.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале