Аудан орталығы Сайқын ауылындағы аудан әкімдігі, білім беру бөлімі, мәдениет үйі алаңқайлары жаңартылып, Қазақстан көшесі бойындағы асфальт жөндеуден өтуде.
Нақтырақ айтар болсақ, Сайқын ауылдық округі әкімдігі аппаратының ұйымдастыруымен көлік жүретін қатқыл табанды жолдың бұзылған тұстары қалпына келтіріліп, тегістеу жұмыстары жалғасуда.
Ж.ОРДАБАЕВ
Бөкей ордасы ауданы