4.09.2015, 12:59
Оқылды: 23

Жол жөндеу басталып кетті

Taskala jol Орал – Саратов тас жолының Тасқала ауданына тиесілі бөлігінің жөндеу жұмыстары басталып кетті.

Дәлірек айтсақ аталмыш жолдың 70-ші шақырымынан бастап 104-ші шақырымға дейін, яғни, Ресеймен шекараға дейінгі бөлігіне «Алатау Дор Строй» ЖШС жөндеу жұмыстарын жүргізетін болады. «Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары басталып кетті. Әзірге ескі асфальтты кесіп алып жөндеу жұмыстары біткенше қолданыста болатын айналма жолдарға төсеп жатырмыз. Бұл ескі асфальт кейін жаңа жолдың жиегіне төселетін болады. Жасалғалы жатқан тас жол 2-ші категорияға жатады. Тек асфальттың ені 9 метр. Қалыңдығы 70 см. 25 см құм (ПГС), 18 см қиыршық тас (шебень) және 3 қабат 27 см (бірінші қабаты 12, екінші 10, үшінші 5 см) асфальт төселеді.  Сонымен қатар шекара заставасындағы автотұрақтар мен жаяу жүргіншілер жолын жөндеп, 2 эстакада саламыз. Ал жаңа тас жол бойына арнайы жол жөндеу жұмыстарына арналған бекет (ДЭП-4) салынады. Тасқалаға кіреберіс бөлігі электр шамдары орнатылған бағаналармен жабдықталатын болады. Жөндеу жұмыстары 2018 жылдың мамыр айында аяқталып, тас жол халық қолданысына тапсырылады», - дейді  аталмыш серіктестіктің жоба басшысының орынбасары Ринат Атаулинин.

www.zhaikpress.kz

Р.Сатыбалдиев

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале