12.08.2015, 20:13
Оқылды: 28

Жол- көлік оқиғасынан зардап шегуші көп

ДТПҮстіміздегі жылдың 7 айында жол-көлік оқиғалары, соның ішінде мотоцикл айдағандардың қатысуымен болған жол апаттары көбейіп кеткен. Күн сайын 3-5 оқиға тіркелуде. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Көліктерде медициналық қобдишаның болмауы және жаяу жүргіншілер тарапынан жол апатына ұшыраған жандарға алғашқы медициналық көмек көрсетудің жеткіліксіздігі де сөз болды.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мәншүк Аймұрзиеваның айтуынша, 2014 жылы болған 176 жол-көлік оқиғасынан 258 адам зардап шексе, үстіміздегі жылдың 7 айында 249 жол-көлік апаты болған. 382 адам зардап шегіп, оның 343-і дене жарақатын алған. Оның 57-сі жасөспірім.  39 адам өмірмен қоштасыпты. Соның біреуі кәмелетке толмаған бала.

Орал қалалық «Жедел жәрдем» стансасының директоры Сергей Бекежанов жол апатынан жарақат алғандар мен оларға көрсетілген медициналық көмек туралы әңгімеледі.

Отырыс соңында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұржамал Шамғонқызы бастапқы медициналық ұйымдарда атқарылып жатқан жұмыстар мен тұрғындарды дәрі-дәрмекпен қамту туралы әңгімеледі.

www.zhaikpress.kz

Ұлдай САРИЕВА

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале