4.07.2015, 11:13
Оқылды: 26

Жол – тіршіліктің күретамыры

janibek jol02  Облыс әкімінің орынбасарыНариман Төреғалиұлы  Жәнібек – Қазталов тасжолындағы 4 шақырымдағы жол жөндеу жұмыстарына ат басын бұрды. Бұл жерде жөндеу жұмысын атқарып жатқан Алматы облысының «РСУ-1»  ЖШС директорының орынбасары Ерұлан Саубайұлы Нариман Төреғалиұлының тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

-Қазіргі таңда жол құрылысына 27 адам тартылса, соның 11-і жәнібектік азаматтар. Жол жөндеу жұмысына 12 арнаулы техника қатысуда. «Оралтранс» мекемесінен 36 КамАЗ жүк көлігін жалдау арқылы облыс орталығынан қажетті құрылыс материалдарын тасымалдауда. Бүгінгі күні Орал қаласынан 11 тонна қиыршық құм, Ақтөбе қаласынан 20 тонна щебнь жеткізілді. Жоспар бойынша ағымдағы жылы желтоқсан айына дейін белгіленген 4 шақырымды аяқтаймыз, алдағы жылы 16 шақырым жолды жөндейміз деген ойдамыз,- деп сөзін аяқтады Ерұлан Саубайұлы. Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары Нариман Төреғалиев жұмыстың сапалы атқарылуын қатаң тапсыра отырып, елдің жарқын болашағы үшін атқарылып жатқан жол жөндеу жұмысына сәттілік тіледі.

www.zhaikpress.kz

Ахмедияр БАТЫРХАНОВ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале