14.04.2016, 11:21
Оқылды: 24

Жол –тіршіліктің күретамыры

Shingirlau jol tirshiliktin     Шыңғырлау ауданы әкімі А.Халелов бастаған жұмыс тобы Алмаз, Лубен ауылдық округтерінде болып, тұрғындарымен кездесті. Көктемгі- жазғы кезеңдердегі мал бағымы, жүргізіліп жатырған ветеринариялық шаралар, көктемгі-далалық жұмыстар барысы, жалпы округтегі әлеуметтік- инфрақұрылымдық даму мәселелер ортаға салынған жиындарға халықтың қатысуы ерекше болып отыр.


     Ауылшаруашылығы саласында қолға алынып жатырған жаңа бағдарламалар, кәсіпкерлік бағытындағы кейбір жаңалықтар екшеліп, түсіндірілгеннен кейін көптің көңіліндегі кейбір түйткілдерге назар аударылды. Соның бірі Шыңғырлау-алмаз бағытындағы тас жол жайы. Кеңес үкіметінен мұраға қалған күре жолдың биылғы қарлы қыс, жаңбырлы көктемнен соңғы жағдайы тұрғындардың басты алаңына айналып отыр. Ауыр машиналар ойып, нөсерлі жаңбыр молынан сіңген жол табаны жаңа кебе бастапты. Алайда, айдынынан ойдымы көп жолға жол жөндеу мекемелерінің қызметі зәру екені айтпаса да түсінікті.

 www.zhaikpress.kz

Адақ ШОТПАНОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале