30.10.2015, 11:40
Оқылды: 48

«Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік»  

 

пешеход«Сәулет» мектеп-лицейі жанындағы интернат қабырғасында осындай тақырыптағы шара оздырылды.

Жол қауіпсіздігін сақтаудың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру мақсатында өткізілген шараға Тасқала аудандық ішкі істер бөлімінің жол полициясы қызметкерлері аға лейтенант Ерболат Қалиақпаров және кіші лейтенант Арман Сүлейменов шақырылды.

Интернат тәрбиеленушілері шараға асқан қызығушылықпен қатысып, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Жол ережесі, жол белгілері жөнінде өлеңдер оқылып, бағдаршам рөлін сомдаған бала бағдаршамның шығу тарихы туралы тыңдармандарға толық ақпарат берді. 5-8 сынып оқушылары «Көше ережесін білмеген бала» атты сахналық қойылымды шебер орындап, көрермендер жүрегіне жеткізе білді.

www.zhaikpress.kz

Ж.Меняжева

Тасқала ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале