8.04.2016, 11:00
Оқылды: 15

Жол қозғалысы кезінде ұялы телефондарды қолданғаны үшін 134 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Jyrgizushi telefon      Қазақстан Республикасы ІІМ нұсқауларын орындау барысында республика аумағында сәуір айының 4 мен 6 күндері аралығында кезекті «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.

         Шара барысында облысымыздағы әкімшілік полиция қызметкерлерінің күш-құралдары және басқа да мемлекеттік органдардың (көлік бақылау инспекциясы, БҚО жолаушылар көлігін басқару және мемлекеттік кірістер департаментінің) жұмысшыларымен бірге БҚО ІІД жергілікті полиция қызметкерлері жұмылдырылды.


         Аталған шараның мақсаты жолаушылар көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғаларын қысқарту және олардың салдарынан болатын ауыртпашылықты төмендету, шағын автобустар мен такси жүргізушілерімен жасалған орсан зор бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.

         Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде маршруттарда қызмет ету куәлігінсіз жолаушыларды тасымалдаумен айналысып жүрген тұлғаларға қатысты 14 факті тіркелді.

         Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде жол қозғалысы ережесін бұзған қоғамдық көлік жүргізушілеріне қатысты 597 әкімшілік материал толтырылды, соның ішінде 70 жүргізушінің техникалық тексерістен өтпеген көлік құралдарын басқарып жүргені анықталса, тиісті құжатсыз көлік құралдарын қайта жабдықтаған 10 жүргізуші, еңбек және демалыс режимі ережесін бұзғаны үшін 5 жүргізуші, 16 – жолаушылардың тізімі болмағаны үшін, жол қозғалысы кезінде ұялы телефондарды қолданғаны үшін 134 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

www.zhaikpress.kz

БҚО ІІД Әкімшілік

 полициясы басқармасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале