20.07.2015, 17:02
Оқылды: 18

Жол құрылысы сапасы - депутаттар назарында

Аксай госконтроль«Жол қадірін жүрген білер» деген мақалдың мағынасы бөрліліктерге жақсы таныс. Әсіресе, облыс орталығына баратын жолдың сапасы ешқандай сын көтермейді. Ойқыл-шойқыл боп жатқан жолдың жолаушылардың да, жүргізушілердің де жүйкесіне тиіп болғаны анық.  Қазіргі таңда Ақсай-Орал автокөлік жолында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жол құрылысының сапасын басты назарға алған халық қалаулылары - аудандық мәслихаттың өнеркәсіп, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық саясат және экология мәселелері жөніндегі комиссиясының мүшелері А.Манашев, Т.Рабаев и Қ.Ермекбаевтар, сондай-ақ аудандық мәслихаттың хатшысы Ә.Құлекешев,құрылыс бөлімінің инспекторы Ә.Мүкиев және БАҚ өкілдері аталған нысанда болып қайтты.

Бөрлі-Ақсай автожолының 14-ші шақырымы мен 26-шы шақырымы аралығында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге ҚПО б.в компаниясы қаражат бөлген болатын. Бас мердігер «БатысМұнайҚұрылыс» сервистік компаниясы» ЖШС болып табылады. Аталған серіктестік ҚПО компаниясымен 2009 жылдан бері әріптестік қарым-қатынаста.

Жоба менеджері К.Костенко жұмыстың сапасына жоғары екендігін,  жол табанының 15 жылға шыдас беретіндігін, ал құрылыс жұмыстарына 2 жылға кепілдік берілетіндігін айтты.

1 маусымнан басталған жөндеу жұмыстары 30 қазанда аяқталады деп күтілуде. Құрылыс жұмыстарына әртүрлі 17 бірлік техника тартылған. Барлық жұмыстар мемлекеттік стандартқа, санитарлық нормалар мен ережелерге және арнайы жасалған технологиялық карталарға сай жүргізілуде.

Қазіргі таңда жолшылар асфальт төсеу жұмыстарына кіріскен. К.Костенконың айтуынша, болашақта ені 8 метр болатын автожол 8 тоннаға дейінгі салмақты көтереді деп күтілуде. Жолдың беріктігі асфальт төсеген соң 28 күннен кейін алынатын сынама арқылы анықталмақ.

Жұмыс барысын осы нысанға бекітілген ҚПО компаниясының жауапты қызметкерлерінен басқа «Құрылыс өндірісін ұйымдастыру жөніндегі инжинирингтік компания» ЖШСнің техникалық бақылаушысы С.Гопкало күнделікті қадағалап отырады.

Мердігерлер халық қалаулыларын ауа райы қолайлы болып тұрса, нысанның жоспарланған мерзімнен бұрын тапсырылатынын айтып сендірді.

www.zhaikpress.kz

Айгүл АХМЕТОВА

Бөрлі ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале