1.07.2016, 12:13
Оқылды: 25

ЖОМАРТ ЖАНДАР ЖАҚСЫЛЫҒЫ

zhomart zhandar zhaksylygyҚазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облысымыздағы  ресурстық орталықтардың ұйымдастыруымен биылғы жылдан бастап қолға алынған «100 нақты көмек» жобасы облыс орталығы мен аудандарда жалғасын тауып, ақпан айынан бері көмекке мұқтаж жандарғдың мәселелерінің оң шешімін таубына атсалысуда.


Өткен мамыр айында Сырым аудандық жастар ресурстық орталығының ұжымы Бұлдырты ауылдық округіне барған сапарында, ауылдағы мүмкіндігі шектеулі жас Серікқали Ғиззаттың үйіне арнайы барып, жағдайына қаныққан еді.

Ғиззаттың ата-анасы ауданнан келген жастарға баласының ауылда қоғамдық ортаға тартылып, белгілі бір іспен айналысқысы келетіндігін жеткізген болатын. Нәтижесінде жастар ресурстық орталығы ұжымы ауданымыздағы жас кәсіпкерлерге жолығып, облыс көлемінде жүзеге асырылып жатырған "100 нақты көмек" жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жасқа қолдау білдірулерін сұраған еді.

Жас кәсіпкерлер Мереке Меңжанов пен Ерлан Ығылманов азаматтық танытып, Ғиззатқа компьютерлік құралдар сыйласа, ауыл әкімдігіәкімдігі ғимаратынан арнайы бөлме беріп, Ғизаттың кәсіппен шұғылдануына жағдай туғызып отыр. Қазір ауылдағы қағаз шығару, көшірме жасау, фото шығару секілді жұмыстармен осы Ғиззат айналысып жүр. Осындай жаны жомарт азаматтардың арқасында бір мүмкіндігі шектеулі жас өз кәсібін бастады.

www.zhaikpress.kz
Досжан Тайшиев,
Сырым аудандық
жастар ресурстық
орталығының басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале