7.08.2015, 18:44
Оқылды: 22

Жоспар үдесінен шықпақ

Shingirlau jospar myde    Өздеріңізге  белгілі, биылғы жылы  қысқы мал азығының  қорын дайындауда  жер-жерде үлкен  қиындық туындауда.Ауа райының  аптап ыстығы  мен  жасыл майсаның шықпай жатып күйіп кетуі  мал басын өсіріп,ауыл шаруашылығымен айна-лысушылар үшін  үлкен  алаңдатушылық туғызуда.

Өзге аудандарға қарағанда біздің  шұрайлы Шыңғырлаудың  шөбі  әлі де  шүйгін, оның үстіне  ораққа ілінетін қырдың -сайдың шөбі тынымсыз шаруа   жандардың күшімен  шашау шықпай  жиылып, тиісті орындарға жөнелтілуде.

Бүгінде  ауданымыздың  селолық округтерін қосып айтқанда  барлығы 117143 гектар жерден шөп шабылып, әр гектарына   3,5  центнерден  өнім алынып, нәтижесінде  41000  тонна  мал азығы  жиылды.

Жасыл орақ науқанында әсіресе,  Қарағаш  селолық  округі өзгелерден  оза шауып (7000 тонна), берілген жоспарды 88 пайызға орындап та тастады,  олардан қалыспаған Белогор (6960 тонна) және  Ақбұлақ селолық округі  (5048 тонна ) жиып та үлгерді, олар  күннің ми қайнатар ыстығына қарамастан  мал азығын  жиюда  айтарлықтай еңбек етуде.

Ал  Лубен (2825 тонна), Ащысай (2400 тонна),  Алмаз (3400 тонна),  Полтава (3500 тонна) селолық округтерінде керісінше  аталмыш науқан тым  баяу жүруде. Десек те,мал басын қыстан қысылмай алып шығу үшін әлі де тер төгу қажеттілігіне байланысты, тырысып бағуда.

Аудан көлеміндегі  шөп шабу науқанында  123 агрегат  дамылсыз жұмыс жасап тұр, адамдардың  құлшыныстары  мол, демек,  шыңғырлаулықтар әлі де  жоспар үдесінен шығары сөзсіз.

Бүгінгі таңда  барлық  шаруа қожалықтары және жекеленген  шаруа баққан жандар,  мал азығын жиып, оны қыстаққа тасу қамында жүр.

www.zhaikpress.kz

         Айсұлу Муса

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале