6.06.2016, 22:11
Оқылды: 41

Жоғары балл иесін қабылдады

 Screenshot_2016-06-06-20-37-00-1   Облыс әкімі Алтай Көлгінов жақын күндері облысымызда өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуде 125 балл жинап өңіріміздің мерейін асқақтатқан Қаратөбе гимназиясының түлегі Ақнұр Беркінованы қабылдады.


   -Біздің өңір жұртшылығының бүгінгі мақтанышына айналған Ақнұрды, оның ата-анасы мен ұстаздарын жеткен биік жетістерімен құттықтаймын. Ақнұр бұдан бұрын да бірнеше олимпиаданың жеңімпазы атанып, бізді қуантқан болатын. Еліміз бойынша 16 түлек ең жоғары балға қол жеткізді. Ауылдық жерден білім алған сенің де солардың қатарынан табылғаныңа өте қуаныштымыз. Алдағы уақытта да осы бағытыңнан таймай, биік белестерді бағындырып, еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесіңді қосады деп сенемін, - деді облыс басшысы Алтай Көлгінов.

   Өңір басшысына өз алғысын айтқан «Алтын белгі» иегері күні бұрын қобалжығанымен, емтиханның қиын болмағанын да айтып, болашақтағы жоспарымен бөлісті.

   Облыс әкімі Ақнұр Беркіноваға соңғы үлгідегі ұялы телефон, ал ата-анасына арнайы алғысхатпен бірге «Ақжайық» шипажайына жолдама табыс етті.

www.zhaikpress.kz

Нұрбек ОРАЗАЕВ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале