24.06.2016, 17:55
Оқылды: 23

Журналистер мерейін асырған күн!

jurnalister merein asyrgan kun124 маусымда «Достық» үйінің мәжіліс залында облыс әкімі Алтай Көлгінов байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай өңіріміздегі журналистер қауымын кәсіби мерекемен арнайы құттықтады.


Өз кезегінде сөз алған «Қазақстан-Орал» телеарнасының басшысы Асланбек Ғұбашев аталмыш телеарнаның тілшісі  Гүлден Сапиолланың «Қазақстан» ұлттық арнасы ұйымдастырған «Арнаның бетке ұстары» байқауының бас жүлдесін  жеңіп алғаны туралы сүйінші хабармен бөлісіп, телеарнаның тыныс-тіршілігі туралы ойларын ортаға салды.  «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының орынбасары Ғайсағали Сейтақ  алдағы жылы 100 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған қос бірдей басылым - облыстық «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттерінің мерекелік  іс-шараларына облыс әкімінің өзі бастап қолдау білдіретіндігіне сенімді  екенін жеткізді. Дөңгелек үстелде  сөз алған журналистер  кәсіби мерекемен арнайы құттықтап, мерекелік көңіл-күй сыйлаған облыс басшысына ризашылықтарын білдіріп, ұсыныс-тілектерін ортаға салды.jurnalister merein asyrgan kun

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні  қарсаңында облыстық   «Приуралье» газетінің бас редакторы Роза Сиықова мен «Қазақстан Орал» телеарнасының редакторы Мұнайдар Балмолдин Қазақстан Республикасының дамуына  қосқан зор үлестері мен абыройлы еңбектері үшін «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.  Сондай-ақ «Орал өңірі» газетінің тілшісі Айша Өтебәлі, «Приуралье» газетінің тілшісі Наталья Портнягина, Қазақстан орталық коммуникациялар қызметі БҚО филиалының маманы Қалиолла Қарағойшин,  «Хабар» телеарнасының меншікті тілшісі Ардақ Айбарұлы,  «Қазақстан Орал» телеарнасының редакторы Гүлмира Тілеубаева және  бір топ журналистер облыс әкімінің алғысхатымен марапатталды.

www.zhaikpress.kz
Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале