6.11.2015, 9:03
Оқылды: 15

Жылжымайтын мүлкін жылдап тіркетпейтіндер бар

Akjayik jiljimaitin mylikti jildap tirketpeidi  Ақжайық ауданында жыл басынан бері жылжымайтын мүлікті мерзімінде тіркетпегендерге қатысты 36 жеке тұлғаға, 4 заңды тұлғаға қатысты 40 әкімшілік іс қозғалды. Олар 507392 теңге көлемінде айыппұл төледі. Мысалы, Бударин ауылының тұрғыны А. 2009 жылғы 7 қыркүйек күні жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шартын жасап, құжатын тек 2015 жылғы 29 мамыр күні өз атына рәсімдеуге тапсырған. Немесе Ақсуат ауылының тұрғыны Ж. 2012 жылдың 26 наурыз күні сатып алу-сату шартын алып, құжаттарын мемлекеттік тіркеуге 2015 жылдың 29 маусым күні тапсырып, яғни жылжымайтын мүлікті тіркеу мерзімін тіпті айлап емес, жылдап бұзған. Аталған азаматтардың әрқайсысы хаттама толтырылған жеті тәуліктің ішінде нақтыланған айыппұлдың 50 пайызын, әрқайсысы 9910 теңге төледі.

Бұл механизм айыппұлдардың ел қазынасын дер кезінде түсуін қамтамасыз етіп қана қоймай, жұрттың айыппұлдарды төлеу мүмкіндігіне оң әсер етеді.

 www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале