18.11.2015, 19:53
Оқылды: 35

Жылжымайтын мүлікті тіркеу

Bokei jiljimaitin mylikti tirkeuБөкей ордасы ауданы әкімдігі ғимаратында «»Жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметінің өзекті мәселелері тақырыбында аудандық әділет басқармасы ұйымдастырған дөңгелек үстелге ауылдық округ әкімдері, аудандық жер қатынастары бөлімі, жылжымайтын мүлік орталығы, халыққа қызмет көрсету орталығы өкілдері қатысты.

Шараны ашып, жүргізген аудандық әділет басқармасы басшысы А.Атаев 2007 жылдың 26 шілдесінде қабылданған «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» заңын тілге тиек ете келіп, жылжымайтын мүлікке жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар және жермен тығыз байланысты өзге де мүліктер жататынын, бұл мүліктер мемлекеттік тіркеуден өтуі қажеттігін түсіндірді. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу дегеніміз – сол мүлікке құқықтардың туындауын, өзгеруін немес тоқтатылуын мемлекеттік тануы мен растауының міндетті рәсімі екен. Қарапайым тілмен айтқанда иелігінде жылжымайтын мүліктің барын, немес ол мүлікті біреуге бергеніңді нотариалдық куәландырылған шарттар, сот шешімдері, өзге де құжаттар (шешімдер, қаулылар) негізінде аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы әділет басқармасына тіркету міндетті көрінеді. Тіркеу мерзімі 6 айдан кешіктірілсе, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық коденксінің (ӘҚБтК) 460-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тарту қаралған. Кінәлі жеке тұлғаларға 10 айлық есептік көрсеткіш (19820 теңге), заңды тұлғаларға 20 айлық есептік көрсеткіш (39640 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады. Ағымдағы жылы аудандық әділет басқармасында 479 жылжымайтын мүлік (оның 61-і электронды түрде) тіркеуден өткізіліпті. ҚР ӘҚБтК-нің 460 бабына сай 2 әкімшілік іс қаралып, құқықбұзушылар айыппұл төлеген.

Дөңгелек үстелде Орда, Мұратсай ауылдық округтері әкімдері, аудандық жер қатынастары бөлімі өкілі сұрақтар қойып, белсенділік танытты.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале