26.04.2016, 17:37
Оқылды: 25

Жылына жүз адам жол-көлік оқиғасынан көз жұмады

Prokuratura zam akim     Облыстық прокуратурада өткен алқа отырысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов, ішкі істер департаменті, жергілікті полиция мен атқарушы органдар қызметкерлері, жолаушылар тасымалымен жүргізушілер дайындау мектептерінің жауапты тұлғалары қатысты.


    Алқа отырысында 2014-2015 жылдардағы жол көлік оқиғаларының алдын алу және ескерту бойынша, сондай-ақ аталған санаттағы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істер бойынша сот актілерінің орындалуы мен сот тәжірибесінің жәй-күйін талдай отырып, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың атқарған жұмыстарының тиімділігіне жүргізілген тексеріс қорытындылары қаралды.

    Мәжілісті ашқан облыс прокурорының міндетін атқарушы Нұрлан Дүйсенбаев күн тәртібіндегі мәселенің өзектілігін атап өтті. Алқа отырысында әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы Жаннұр Ахметбек, құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының бөлім басшысы Ержан Мұхитовтың атқарылған істер жөнінде есептері тыңдалды.

     Алқа отырысының соңында жол-көлік оқиғасын барынша болдырмау және көлік қозғалысы қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар мен ұсыныстар қабылданды.

www.zhaikpress.kz

Нұрбек ОРАЗАЕВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале