6.01.2016, 19:27
Оқылды: 21

Жылыту кезеңінде қауіпсіздікті қатаң сақтайық!

Janibek Jilitu kezeni   Бүгін төтенше жағдайлардың алдын алу жөнінде жиын өтіп, оған Жәнібек аудандық мекеме, ұйымдардың басшылары мен жылыту жүйелерінің операторлары қатысты.


         Жиналысты аудан әкімінің орынбасары Біржан Қуанәлиев ашып, жүргізіп отырды. Алдымен, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Серік Алтаев ғимараттарды жылыту кезінде өрттердің алдын алу және болдырмау үшін қажетті кеңесін толығырақ айтып өтті. Мекеме, ұйым басшылары мен операторларға жылыту жүйелерін ықтияттап тексеруді сұрады. Аудандық газ шаруашылығы мекемесінің басшысы Рауль Өтемісов барлық мекемелерге жуық арада БҚО «КазТрансГаз аймақ» АҚ-мен келісімшартқа тұру қажеттігін жеткізді. Аудандағы барлық жылыту жүйелерінің операторлары төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында арнайы журнал жүргізіп отыратындығы жиында мәлім болды.

www.zhaikpress.kz

Д.ОСПАН

Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале