13.05.2016, 11:15
Оқылды: 31

Жылы ықылас пен тәжірибе жемісі

Shingirlau jili ikilas tajiribe jemisi     Шыңғырлау ауданында орталық аурухананың күндізгі емдеу бөлімі әрдайым емделушілер алғысына бөленіп келеді. Дәрігері білікті, мейіргерлері тәжірибелі емдеу орнының сырқаттардың жан дауасын тауып, ем-шарасын мүлтіксіз орындауы нәтижелі.


   Бөлім меңгерушісі Кәмшат Мұхамбетәлиева жыл басынан бері 727 адамның емдеу шараларын алғанын айтады. Бұл дегеніңіз ай сайын орта есеппен 120-140 сырқат тұрақты ем алып отыр деген сөз.

    -Әр сырқаттың өз диагнозы бар, ауыр-жеңіл дәрісі, дәрмегі, байлап- таңуы деген сияқты шаралары бар, мінездері де әртүрлі. Соның бәрін реттеп, сырқаттың тілін тауып, мұқият емін жүргізу аса жауапты және ауырпалықты жұмыс. Біздің мейірбикелеріміз осы жұмыстарын тиянақтылықпен, жауапкершілікпен атқаруда,- дейді бөлім меңгерушісі Кәмшат Мұхамбетәлиева.

      Күндізгі емдеу бөлімінде 1 дәрігер, 2 мейірбике және бір компьютер маманы халыққа қызмет көрсетуде.

www.zhaikpress.kz

Қаршыға ЕЛЕМЕСОВ

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале