3.11.2016, 18:02
Оқылды: 48

«Жыл үздігі – 2016» жастар байқауы

????????????????????????????????????

   Батыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» қауымдастығы дәстүрлі түрде «Жыл үздігі - 2016» өңір жастарының сыйлығы»  байқауын жариялады. Бұл туралы бейсенбі күні Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалы алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Аян Сакошев мәлімдеді.


 

  • 2008 жылдан бері өткізіліп келе жатқан бұл байқау облысымыздағы мемлекеттік жастар саясатын кеңінен насихаттау және жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылады. Сонымен қатар бұл байқау облыс көлемінде жыл бойына жастар қозғалысының дамуына белсене араласып, әр салада өз кәсіби шеберлігін көрсеткен, ел ертеңі деп сенім артқан жастарды анықтау және марапаттауды мақсат етеді. «Жыл үздігі - 2016» жастар сыйлығы 15 аталым бойынша үздік деп танылған жастарды таңдайды. Байқау қатысушылары қажетті құжаттарды тапсырып, қатысуға өтініш білдірулері қажет. Аталмыш байқаудың арнайы қазылар алқасы тағайындалып, өз төрелігін беретін болады, - деді Аян Сакошев.

Брифингке қатысқан БҚО бойынша «Болашақ» қауымдастығының төрайымы Салтанат Тұманбаева байқаудың шарттарына тоқталып өтті.

Оның айтуынша, биылғы «Жыл үздігі – 2016» байқауы 12 негізгі, үш арнайы аталым бойынша анықталмақ. Негізгілердің қатарында  «Үздік жастар ұйымы»,  жас көшбасшы, студент, жас ұстаз, жас ғалым, жас өнерпаз, жас дәрігер, жас спортшы, жас тілші, жас маман, мектеп көшбасшысы, үздік  бизнес жоба аталымдары бар. Сонымен қатар «Батырлығы мен ерлігі үшін», «Қайырымдылығы үшін», «Жыл жаңалығы» арнайы аталымдары бойыша үздіктер де анықталмақ. Байқауға 14-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады және қатысушының тек 2016 жылғы жетістіктері қаралады. «Жыл үздігі – 2016» Батыс Қазақстан облысы жастар сыйлығының жеңімпаздары арнайы құрылған комиссия шешімімен анықталатын болады. Комиссия құрамы байқауды ұйымдастырушылар, әр салаға сәйкес сарапшылар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен тұрады. Байқау туралы толық ақпаратты «Батыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» қауымдастығынан алуға болады.  Мекенжайы: Қ. Аманжолов көшесі 114/2, 3-қабат, байланыс телефоны: 50-38-06, Е-mail: [email protected],

Нұрбек  ОРАЗАЕВ

«Орал  өңірі»

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале